Максим Самородов: Уэльс — мықты команда, олар мұндай сәттерді жіберіп алмайды

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов Уэльспен болған матчтан кейін (1:3) өз ойын білдірді.
— Ұпай еншілеуге тырыстық, бірақ аздап жолымыз болмады. Өз қателіктерімізді жасадық, ал қарсылас мұны тиімді пайдаланды. Уэльс — мықты команда, олар мұндай сәттерді жіберіп алмайды, — деді футболшы ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Сонымен қатар, Самородов жанкүйерлерге ерекше алғысын білдірді:
— Біз қай жерде ойнасақ та, жанкүйерлер әрдайым қасымыздан табылып, қолдау көрсетеді. Бүкіл команда атынан үлкен рақмет айтамын!
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы келесі ойынын 26-27 наурызға қараған түні Лихтенштейнге қарсы өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или