Әзірбайжан жолдастық матчта Гаитиден жеңілді

Әзірбайжан жолдастық матчта Гаитиден жеңілді

Футболдан Әзірбайжан ұлттық құрамасы өз алаңында Гаити құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, күтпеген жерден 0:3 есебімен ірі жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

АЭК-тің шабуылшысы Франц Пьеро дубль авторы атанса, америкалық «Филадельфия Юнион» клубының жартылай қорғаушысы Жан Жак тағы бір гол соқты.

Гаити құрамасының бас бапкері – француз маманы Себастьян Минье.

Айта кетейік, ФИФА рейтингінде Гаити 86-шы орында тұрса, Әзірбайжан 117-ші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или