Әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан құрамасы сырт алаңда Уэльстен ұтылды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің алғашқы матчында Уэльспен кездесті, деп жазады Prosports.kz.
Командалар матчқа мынадай құраммен шықты:
Уэльс: Дарлоу, Уильямс Н., Робертс К., Дэвис Б., Родон, Томас, Джонсон, Брукс, Шихан, Джеймс Дэн., Каллен;
Қазақстан: Заруцкий, Вороговский, Быстров, Әліп, Марочкин, Тапалов, Тағыберген, Мужиков, Самородов, Чесноков, Жақсылықов.
Алғашқы тайм 1:1 аяқталғанымен, матчтың екінші бөлігінде Уэльс екі гол соғып, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан сапынан жалғыз голды пенальтиден Асхат Тағыберген соқты.
Айта кетейік, осыған дейін қатарынан жеті ресми матчта Қазақстан гол соқпаған еді.
26 наурыз күні сағат 00:45-те қазақстандықтар сырт алаңда Лихтенштейн командасымен кездеседі.
Уэльс - Қазақстан 3:1 (1:1)
Гол соққандар: Джеймс Денг. 9 (1:0), Тағыберген 32 (1:1), Дэвис Б. 47 (2:1), Матондо 90 (3:1).