Роналду не үшін Джорджинамен некесін қыймайтынын түсіндірді

Роналду не үшін Джорджинамен некесін қыймайтынын түсіндірді


«Алтын доптың» бес дүркін иегері Криштиану Роналду сүйіктісі Джорджина Родригеспен некелесуге дайын екенін айтты. Бұл туралы ол Netflix түсірген «Мен – Джорджина» атты деректі жобада бөлісті.

Криштиану мен Джорджина 2016 жылдан бері бірге тұрады. Қазір олардың екі қызы бар – Алана (7 жаста) және Белла (2 жаста). Сондай-ақ Джорджина Роналдудың үш баласын тәрбиелеуге атсалысып жүр.

«Мен оған үнемі айтам: бәрі орнына келіп, жүректе бір “шертпе” сезілетін сәт туады. Ол сол сәттің қашан келетінін жақсы түсінеді», – дейді футболшы.

Роналдудың айтуынша, бұл бір айдан кейін де, жарты жылдан соң да, тіпті бір жылдан кейін де болуы мүмкін. Бірақ ол үйлену тойы міндетті түрде өтетініне сенімді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или