«Барыс» ҚХЛ маусымын жеңіліспен аяқтады

«Барыс» ҚХЛ маусымын жеңіліспен аяқтады

Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясындағы «Барыс» пен уфалық «Салават Юлаев» арасындағы матч аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Салават Юлаев» 4:1 есебімен жеңіске жетті (2:0, 0:1, 2:0).

Қонақтар сапында Александр Хмелевский, Шелдон Ремпал, Скотт Уилсон және Джош Ливо шайба соқты. Ливо бір ҚХЛ маусымында ең көп шайба соғу бойынша рекорд орнатты – «Барыс» қақпасына енгізген шайбасы оның маусымдағы 49-голы болды.

«Барыс» сапында жалғыз голды Аслан Жүсіпбеков соқты.

Астаналық клуб 2024/25 маусымын Шығыс конференциясының соңғы, 12-орнында аяқтады. «Барыс» 68 матчта 35 ұпай жинады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или