Ең бай қазақстандық ММА файтері кім? Танымал промоутер жауап берді

Ең бай қазақстандық ММА файтері кім? Танымал промоутер  жауап берді

Naiza FC президенті Нұрбек Қарабала Bank.kz тілшісіне қазақстандық файтерлердің гонорары туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

— Қазір қазақстандық ММА-да кім көп табыс табады?

«Мұратбек Қасымбай. Жұман Жұмабеков пен Фанил Рафиковтың да гонорары жақсы», - деді Қарабала.

— Біз 30-40 мың долларға дейінгі сомалар туралы айтып отырмыз ба?

«Қасымбай, менің білуімше, 30 миллион теңгеге дейін (шамамен 60 мың доллар) алады».

— Шетелде бақ сынайтын ең бай файтерлер кім?

«Біріншіден, бұл UFC өкілдері – Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев. Артем Резниковтың да гонорары өте жақсы».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или