Уэльс — Қазақстан матчының тікелей трансляциясы

Уэльс — Қазақстан матчының тікелей трансляциясы

23 наурызға қараған түнде Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында сырт алаңда Уэльспен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч Кардиффте өтеді.

Уэльс — Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 00:45-те басталады, ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Кюрасаоды (2:0) ұтты, ал оған дейін Солтүстік Кореядан дәл осындай есеппен ұтылған болатын.

Біздің құрама былтырғы Ұлттар лигасында 5 рет жеңілген. Атап айтқанда, екі рет Аустрияға (0:2 және 0:4), Словенияға (0:3 және 0:1), Норвегияға (0:5) есе жіберді.

Ал Уэльс құрамасы Ұлттар лигасында (Лига В) тамаша нәтиже көрсетті. Уэльс 6 турда 12 ұпай жинап, 4-топта 1-орын алды. Команда кейінгі 6 кездесуде әлі жеңілген жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или