Қазақстандық теннисші Майамидегі турнирдің жұптық сынында өнер көрсетпейтін болды

Қазақстандық теннисші Майамидегі турнирдің жұптық сынында өнер көрсетпейтін болды

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Майамидегі (АҚШ) турнирдің жұптық сынында өнер көрсетпейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бастапқыда Путинцева ресейлік Анастасия Потаповамен бірге бірінші айналымда латвиялық Елена Остапенко мен аустралиялық Эллен Переспен кездесуі керек еді. Алайда Юлия мен Потапова кездесуден бас тартты.

Айта кетейік, бұған дейін Путинцева жекелей сында да сәтсіз өнер көрсеткен болатын. Бірінші айналымда қазақстандық теннисші америкалық Тейлор Таунсендтен 6:7, 6:1, 1:6 есебімен жеңіліп қалған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или