«Ливерпуль» басшылығы клуб жұлдызы маусым соңында командадан кетпейтініне сенімді

«Ливерпуль» басшылығы клуб жұлдызы маусым соңында командадан кетпейтініне сенімді

«Ливерпуль» шабуылшысы Мұхаммед Салах клубпен жаңа келісімшарт бойынша келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мысырлық ойыншының қазіргі келісімшарты алдағы жазда аяқталады.

Инсайдер Дэвид Орнштейннің жаңартылған мәліметтері бойынша, «қызылдардың» басшылығы Салахты келісімшартты ұзартуға көндіре алатынына сенімді. Ал 32 жастағы футболшының да жоспары өзгерген жоқ: ол «Ливерпульде» бақытты және клубта қалғысы келеді. Дегенмен, тараптар әлі де қаржылық мәселелерді реттеуі керек, алайда келіссөздің тоқтайтын белгілері жоқ.

Бұған қоса, дереккөздің мәліметінше, команданың Чемпиондар лигасы мен Лига кубогындағы соңғы сәтсіздіктері Мохаммед Салахтың шешіміне айтарлықтай әсер етпейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или