Анастасия Городко фристайл-могулдан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Анастасия Городко фристайл-могулдан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық Анастасия Городко фристайл-могулдан Энгадинде (Швейцария) өтіп жатқан әлем чемпионатында үшінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спортшы параллельді могулда сәтті өнер көрсетті.

Қола медаль үшін өткен жарыста Городко америкалық Кайли Кариотистен басым түсті.

Жеңісті АҚШ спортшысы Джейлин Кауф иеленсе, күміс жүлде Тесс Джонсонға (АҚШ) бұйырды.

Анастасия Городко мансабында екінші мәрте ересектер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, бұл дисциплина 2026 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или