Роналду Ұлттар лигасында Даниядан жеңілгеннен кейін Instagram-да пост жариялады

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Ұлттар лигасының 1/4 финалының бірінші матчында Даниядан жеңілгеннен кейін (0:1) әлеуметтік желіде пост жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матчты толық өткізген 40 жастағы форвард матчты нәтижелі әрекеттерсіз өткізген болатын.
«Бізде бәрін өзгерту үшін 90 минут бар.Соңына дейін күресеміз, Португалия!» - деп жазды Роналду.
Айта кетейік, Португалия мен Дания арасындағы Лиссабондағы жауапты ойын 23 наурызда, Қазақстан уақыты бойынша 00:45-те өтеді.
Саудиялық «Әл-Наср» клубында ойнайтын шабуылшы осы маусымда барлық турнирлерде 39 ойынға қатысып, 33 гол соғып, 5 голдық пас берген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или