Елена Рыбакина әлемдік рейтингте құлдырай ма?

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте құлдырай ма?

Уимблдон чемпионы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамидегі WTA-1000 турнирінің қорытындысы бойынша әлемдік рейтингтің үздік ондығынан шығу қаупі бар, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда америкалық Эшлин Крюгерден (WTA рейтингінде №40) жеңіліп қалды – 4:6, 6:2, 4:6.

Осы жеңілістен кейін Рыбакина бір сатыға төмендеп, Әйелдер теннисі қауымдастығының рейтингінде тоғызыншы орынға тұрақтады. Бұл ретте Майамидегі турнир енді ғана басталды, яғни теориялық тұрғыдан бес теннисші Еленадан озуы мүмкін: америкалық Эмма Наварро, испандық Паула Бадоса, ресейліктер Дарья Касаткина, Диана Шнайдер және чех Каролина Мучова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или