Уэльс - Қазақстан: Статистика, болжам

Наурыздың 22-сі күні футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында Уэльске қарсы матч өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
Уэльс құрамасы соңғы матчтарда тамаша нәтиже көрсетіп жүр. Ұлттар лигасының B дивизионында өнер көрсетіп, бірінші орынмен А дивизионына жолдама алды. Еуропа чемпионатының ширек финалистерін артта қалдырды. Роб Пейдж баптайын құрама өз алаңындағы соңғы екі ойында жеңіске жеткен екен.
Қазақстан ұлттық құрамасы Станислав Черчесовтан құтылды. Ресейлік маманның жетекшілігімен командамыз Ұлттар лигасындағы В дивизионындағы алты матчтың бесеуінде ұтылды. Өз қақпамызға он бес гол өткіздік. Бір доп та соқпадық.
Қаңтар айының аяғында отандық маман Әли Әлиев Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін ұстады. 44 жастағы маманның қол астында Қазақстан бір жолдастық матч өткізіп, Кюрасао құрамасын ұтты. Голдарды Асхат Тағыберген мен Максим Самородов соқты.
Құрамалар бұрын өзара матч өткізбеген.
Тренд статистикалар:
- Уэльс соңғы 6 матчта жеңіліс көрмеген.
- Қазақстан соңғы 5 кездесуінде жеңіліп қалды.
- Қазақстан соңғы 6 кездесуінде жеңіске жеткен жоқ.
- Қазақстан соңғы 7 матчта гол соға алмады.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы Уэльстің жеңісіне 1.21 коэффициент ұсынып отыр. Қазақстанның ұтысы - 15.00 коэффициент. Тең нәтижеге 6.40 кэф.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.