Италия — Германия камбэк тіркелді

Италия мен Германия құрамалары кездескен УЕФА Ұлттар лигасының ширек финалының алғашқы ойыны аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Командалар Италияның Милан қаласындағы «Сан-Сиро» (Джузеппе Меацца) стадионында ойнады. Германия құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Кездесудің тоғызыншы минутында алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Сандро Тонали есеп ашты. 49-минутта Джошуа Киммихтің пасынан Тим Клейндиенст таразы басын теңестірді. 76-минутта Джошуа Киммихтің пасынан Леон Горецка командасы үшін жеңісті нәтижені жұлып алды.
Қарымта кездесу жексенбі, 23 наурызда Германияда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или