Испания Ұлттар лигасының матчында та жеңілістен құтылды

Нидерланды мен Испания құрамалары кездескен УЕФА Ұлттар лигасының ширек финалының алғашқы ойыны аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойын Роттердамдағы (Нидерланды) «Фейеноорд» стадионында өтті. Кездесу 2:2 есебімен аяқталды.
Матчтың тоғызыншы минутында Испания құрамасының шабуылшысы Нико Уильямс есеп ашты. 28-минутта Голландия құрамасының шабуылшысы Коди Гакпо тепе-теңдікті қалпына келтірді. Екінші таймның басында жартылай қорғаушы Теяни Рейндерс алаң қожайындарын алға шығарды. 90+3-минутта голды Испанияның жартылай қорғаушысы Микель Мерино соғып, есепті 2:2 қылды.
Испания мен Нидерланды арасындағы қарымта ойын жексенбі, 23 наурызда Испанияда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или