«Барыс» ҚХЛ матчында ірі есеппен жеңіліп қалды

«Барыс» ҚХЛ матчында ірі есеппен жеңіліп қалды

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында ойындар өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Астанада жергілікті «Барыс» қазандық «Ак Барс» командасымен кездесіп, 0:8 (0:2, 0:2, 0:4) есебімен жеңіліп қалды.

Бұл қазақстандық команданың маусымдағы ең ірі жеңілістерінің бірі болды.

Осылайша, тұрақты чемпионаттың аяқталуына бір тур қалғанда, елордалық клуб ҚХЛ-да өнер көрсеткелі бері ең төмен нәтижесін көрсетті деп атап өтуге болады (67 ойыннан кейін 35 ұпай).

22 наурызда «Барыс» ҚХЛ маусымындағы соңғы матчында «Салават Юлаевпен» кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или