Қазақстанның ең қымбат футболшысы ауысты

Беделді Transfermarkt порталы Қазақстан құрамасы мен ыстамбұлдық «Бешікташ» ойыншысы Бақтиер Зайнутдиновтің нарықтық құнын жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жаңа бағалауға сәйкес, қазақстандық футболшының құны - 3,3 миллион еуро. 2024 жылы оның нарықтық бағасы біртіндеп төмендеп, 6 миллионнан 3,7 миллион еуроға дейін қысқарған еді. 26 жастағы жартылай қорғаушының ең жоғары бағасы 2023 жылы тіркеліп, 6,5 миллион еуро болған.
Енді Қазақстанның ең қымбат футболшысы болып «Зенит» клубында өнер көрсететін қорғаушы Нұралы Әліп атанды. Оның құны 3,5 миллион еуро деп бағаланып отыр.
Әліп Қазақстан құрамасындағы дебютін 2018 жылы өткізген. Ұлттық команда сапында ол 38 матчқа қатысып, гол соқпаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или