Магомед Адиев Қазақстанда қай клубты жаттықтыруы мүмкін?

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері атануы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
KazFootball.kz мәліметінше, бапкер қазір Ақтөбе қаласында.
Оның жетекшілігімен Қазақстан ұлттық құрамасы 21 матч өткізіп, 11 жеңіске жетіп, 9 рет жеңіліп, 1 кездесуді тең нәтижемен аяқтады. Құрама EURO-2024 іріктеу кезеңінің H тобында төртінші орын алып, Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан еді, алайда Грекияға 0:5 есебімен жол берді.
Қазіргі уақытта Адиевтің «Ақтөбенің» бас бапкері болып тағайындалғаны туралы ресми ақпарат жоқ. Бұған дейін ресейлік маман Дмитрий Парфеновтің «Ақтөбе» клубын басқару мүмкіндігін талқылау үшін Ақтөбе облысының әкімімен кездескені хабарланған. Оның кандидатурасын Магомед Адиев ұсынғаны айтылған болатын.
Қазір «Ақтөбені» Игорь Леонов жаттықтырады.