Жапония әлем чемпионатына жолдама алған алғашқы команда атанды

Жапония әлем чемпионатына жолдама алған алғашқы команда атанды

Жапония құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеуден сәтті өткен алғашқы команда атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олар Бахрейнді 2:0 есебімен жеңіп, Азиядағы 3-топта көш бастады. Қазір Жапонияның 19 ұпайы бар, бұл оларға үшінші орында тұрған Сауд Арабиясы үшін қол жетпес көрсеткіш (олардың 6 ұпайы бар).

Жапония үшін бұл әлем чемпионаты қатарынан сегізіншісі болмақ. Құрама 1998 жылдан бері барлық мундиальға қатысып келеді.

2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым – 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Турнирдің қожайындары автоматты түрде қатысу құқығын алды, ал Азиядан бұл жолы 8 команда әлем чемпионатына жолдама алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или