«Ордабасы» ойыншыларының жалақысы белгілі болды

Шымкенттің «Ордабасы» клубындағы кейбір ойыншылардың келісімшарт сомалары белгілі болды. Бұған дейін Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков команда капитаны Асхат Тағыбергеннің жалақысын ашық айтып, оның 20 миллион теңге алатынын мәлімдеген еді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Telegram-дағы Серый CARDINAL арнасының мәліметінше, Тағыберген жоғары жалақы алатын жалғыз ойыншы болмаған.
«Қысқы маусымаралық кезеңде "Ордабасы" жалақы қорын едәуір қысқартты, аса қымбат келісімшарттардан құтылды. Біздің деректер бойынша, ең жоғары жалақы алған ойыншылардың қатарында Шохбоз Умаров, Артем Беседин, Темірлан Ерланов және Бауыржан Исламхан бар. Олардың әрқайсысы айына шамамен 30 000 доллар алып отырған. Ең көп жалақыны Евгений Макаренко алған – оның айлық табысы 40 000 доллар болған. Клуб қымбат келісімшарттардың басым бөлігін тоқтата алды», – деп жазады дереккөз.