Кержаков «Қайраттағы» жанжал жайлы: «Ойыншылар бөлмесі – айқайласып, шешім қабылдайтын жер емес»

«Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Александр Кержаков клуб басшылығымен болған кикілжіңге қатысты пікір білдірді. Ол мұндай жағдайлардың кәсіби футболда орынсыз екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ойыншылардың киіну бөлмесінде басшылық, бапкер мен футболшылар арасындағы мәселелер талқыланбауы керек. Егер сұрақтар болса, оларды жеке қарастырған жөн. Басшылық бапкерді шақырып, ашық сөйлесуі қажет. Егер көңілі толмаса – жұмыстан босатады», – деді Кержаков.
Оның пікірінше, мұндай жағдайлар команданың ішкі ахуалына кері әсер етеді, сондықтан клуб басшылығы бұл мәселеге мұқият қарауы тиіс.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или