Аргентина сапында тағы бір жұлдыз жарақатына байланысты қатардан шықты

Аргентина сапында тағы бір жұлдыз жарақатына байланысты қатардан шықты


«Интер» шабуылшысы Лаутаро Мартинес алдағы әлем чемпионатының іріктеу ойындарына қатыса алмайды. Ол жарақатына байланысты ұлттық құрамадан кетіп, клубына қайта оралды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дәрігерлер оның жарақатынан толық айықпай ойнауы тым қауіпті деп шешті. 27 жастағы футболшының орнына басқа ойыншы шақыртылады. Бұл Аргентина үшін үлкен соққы – бұған дейін команда көшбасшысы Лионель Месси де денсаулығына байланысты матчтарға қатыса алмайтыны белгілі болған.

Лионель Скалони шәкірттері 21 наурызда Уругвайға, ал 25 наурызда Бразилияға қарсы ойнайды. Аргентина құрамасы шабуыл шебіндегі қос мықты ойыншысынан айырылып отыр.

Лаутаро Мартинес бұл маусымда «Интер» сапында тамаша ойын көрсетіп, 39 матчта 18 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген. Енді ол емделуге мәжбүр, ал оның клубтағы келесі ойындарға қатысуы белгісіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или