Карвахаль жарақатынан айығып, қатарға қосылады

«Реал» қорғаушысы Дани Карвахаль жарақатынан айығып, жеке жаттығуларын бастады. Бұл жаңалық клуб үшін аса маңызды, әсіресе алда «Арсеналмен» өтетін маңызды кездесу бар, деп хабарлайды Prosports.kz.
Испандық футболшы маусым басында айқасқан байламын үзіп алған еді. Енді 33 жастағы қорғаушы жасыл алаңға қайта оралудың алғашқы қадамдарын жасауда. «Тағы да жаттығу жасап, өзімді жақсы сезіне бастадым. Алаңға қайта шығатын сәт таяу», – дейді Карвахальдың сөзін инсайдер Фабрицио Романо келтірді.
Қорғаушы 30 жастан кейін денесіне ерекше күтім жасауды қолға алып, арнайы диета мен жеке дайындық бағдарламасын енгізді. Бұл оған өткен маусымда үздік ойын көрсетуге көмектесіп, «Реалдың» негізгі ойыншыларының біріне айналуына септігін тигізді. Сонымен қатар, ол «Алтын доп» дауыс беруінде 4-орын алды.
2023/24 маусымында Карвахаль 41 матч өткізіп, 6 гол соқты және 5 нәтижелі пас берді. Енді оның алаңға оралуы командаға үлкен күш қосатыны сөзсіз.