Жәнібек Әлімханұлы алдағы жоспарын айтты

Жәнібек Әлімханұлы алдағы жоспарын айтты

WBO/IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) биылғы жылғы жоспарын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сәуірдің 5-і күні Астанада «Қазақ стиль» франциялық Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) жекпе-жек өткізіп, чемпиондық атағын қорғайды. 

— Ендігі басты мақсатымыз – 5 сәуірдегі жекпе-жекке барынша дайындалу. 2025 жылға жақсы жоспарларымыз бар. Биылғы жылды сапалы жекпе-жектермен толтырамыз деп отырмыз, деді Әлімханұлы Seconds Out басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы өткен жылы бір ғана жекпе-жек өткізді – қазан айында Сиднейде (Австралия) жаңа зеландиялық Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) нокаутқа түсірген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или