Қазақстан Түркияда өткен жолдастық матчта жеңіске жетті

Қазақстан Түркияда өткен жолдастық матчта жеңіске жетті

Қазақстан ұлттық құрамасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында Кюрасаомен жолдастық матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы аталған матчта 2:0 есебімен сенімді жеңіске жетті. Матчтың 15-ші минутында ұлттық құрама шабуылшысы Максим Самородов ойынның есебін ашты. Қарсыластардың қақпасына екінші голды 36-минутта ұлттық құрама капитаны Асхат Тағыберген соғып, есепті еселеді. Осылайша ойын 2:0 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, жолдастық матч жабық түрде өтті. Трансляция, негізгі құрам және видео мүлде болмады.

Енді Әли Әлиев шәкірттері ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі аясында маңызды екі ойын өткізеді. Ұлттық құрама 22 наурыз күні Уэльспен, 25 наурыз күні Лихтенштейнмен кездеседі. Екі матч та қонақта өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или