Қазақстан кубогы іріктеу кезеңінің жартылай финалына шыққан командалар белгілі болды

Қазақстан кубогы іріктеу кезеңінің жартылай финалына шыққан командалар белгілі болды

Футболдан Қазақстан кубогы іріктеу кезеңінің жартылай финалына шыққан барлық командалар анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz

Жарыстың аталған сатысындағы жеңімпаз команда бір ойынның нәтижесімен аяқталды.

18 наурызда өткен ширек финалдық матчтарда алматылық «Хан тәңірі» Жамбыл облысының «Таласын» 2:0 есебімен жеңді, Павлодар облысының «Екібастұзы» өскемендік «Алтайды» 1:0 есебімен тізесін бүктірді.

Бүгін, 19 наурызда ақтаулық «Каспий» алматылық AKAS командасын пенальти сериясында жеңіп шықты, павлодарлық «Ертіс» астаналық «SD Family» клубын 2:1 есебімен жеңді.

22-23 наурызда өтетін жартылай финалдық матчтарда «Хан тәңірі» мен «Екібастұз», «Каспий» мен «Ертіс» шеберлік байқасады. Ойындардың барлығы Алматыда өтеді. 

Финалға жолдама алған екі команда Қазақстан кубогының 1/8 финалына жолдама алады. Жарыстың аталған сатысындағы ойындар 12 және 13 сәуір күндері өткізіледі.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или