Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы алдағы матчтар туралы ойын бөлісті

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы алдағы матчтар туралы ойын бөлісті

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Наурызбек Жагоров 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы алдағы матчтар туралы ойын бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport+ сайтына сілтеме жасап.

— Дайындық жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Бір аптадан кейін Уэльс құрамасына қарсы ойнаймыз. Қазір Түркиядамыз, күн сайын екі рет жаттығу өткіземіз.

Бас бапкермен күнделікті сөйлесіп тұрамыз, арамызда ешқандай келіспеушілік жоқ. Құрама сапына шақырту алғаныма өте қуаныштымын. Ханалиевич маған үлкен үміт артып отыр, сол сенімді ақтауға тырысамын.

Ел намысын қорғау — әрқайсымыз үшін үлкен жауапкершілік. Еңбегім лайықты бағаланғанына сенімдімін.

Жасырмай-ақ қояйық, біздің қарсыласымыздың деңгейі бәріне белгілі. Күн сайын алдағы қарсыласымыздың ойындарын талдау және сараптау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қажетті ұпайларды жинау үшін бар күшімізді саламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или