«Ахмат» футболшысы Максим Самородов туралы пікір білдірді

«Ахмат» футболшысы Максим Самородов туралы пікір білдірді

«Ахмат» қорғаушысы Мирослав Богосавац грозныйлық команданың шабуылшысы Максим Самородов жақсы ойын көрсетіп жүргенін, бірақ 22 жастағы футболшы Ресей чемпионатының жұлдызына айналатынын айтуға әлі ерте екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы маусымда Самородов грозныйлық команда сапында барлық турнирде 20 матч өткізіп, 5 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.

«Самородов Ресей чемпионатының жұлдызы бола ала ма? Бұл туралы айтуға әлі ерте. Ол өте жақсы ойыншы, жылдам. «Химкиге» қарсы ойында да гол соғатын сәті болды. Бірақ оның жұлдыз атанатынын кесіп айтуға әлі ерте», - деді Богосавац «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында .

«Ахмат» РПЛ турнир кестесінде 18 ұпаймен 14-орында келеді. Келесі турда Грозный командасы «Спартакты» қабылдайды. Матч 30 наурызда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или