Ламин Ямаль футболдағы басты арманы туралы сұраққа жауап берді

«Барселона» вингері Ламин Ямаль футболдағы басты арманы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Барселонамен» Чемпиондар лигасын жеңіп алу және Испания құрамасымен әлем чемпионатында топ жару – менің ең үлкен екі арманым», – деп келтіреді Ямальдың сөзін AS.
17 жастағы Ламин Ямальдың «Барселонамен» келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін жасалған. Осы маусымда испан футболшысы каталониялықтар сапында 36 матчқа қатысып, 11 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы футболшыны 180 млн еуроға бағалап отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или