«Атырау» футболшылары матчқа бойкот жариялауы мүмкін

«Атырау» футбол клубының ойыншылары мен қызметкерлері облыс әкімі Серік Шәпкеновке бейнеүндеу жасап, үш айдан бері жалақы алмағандарын айтты, деп хабарлайды Azh.kz.
Олардың сөзінше, клубқа бюджеттен қаражат қарастырылған, алайда басқарма басшысы Нұрбол Судыков оны бөлмей отыр. Сол уақытта өңірдегі басқа спорт ұйымдары қаржыландырылған. Футболшылардың айтуынша, көпшілігінің отбасылары, несиелері бар, ал табыс жоқ.
Әлеуметтік желілерде 19 наурыздан бастап клуб қызметкерлері жұмысқа шықпауы мүмкін деген ақпарат тарады. Егер мәселе шешілмесе, команда 30 наурызда өтетін «Ақтөбеге» қарсы ойынды бойкот жасамақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или