Жарақат алған Пауло Дибала Аргентина құрамасына көмектесе алмайды

Жарақат алған Пауло Дибала Аргентина құрамасына көмектесе алмайды


«Рома» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Пауло Дибала 29-турдағы «Кальяриге» қарсы ойында (1:0) жарақат алды.

Журналист Филиппо Биафораның мәліметінше, футболшының сол жақ сан бұлшықетінің сіңірі зақымданған. Осыған байланысты ол Аргентина құрамасының Уругвай мен Бразилияға қарсы ойындарын өткізіп алады. Толықтай қалпына келуі үшін шамамен бір ай уақыт қажет.

Дибала биылғы маусымда «Рома» сапында 36 матчқа қатысып, 8 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді. Айта кетейік, жыл басында аргентиналық форвард римдік клубпен келісімшартын 2026 жылға дейін ұзартқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или