Георгий Жуков: Ұлттық құрамаға қайта оралғаныма қуаныштымын

Георгий Жуков: Ұлттық құрамаға қайта оралғаныма қуаныштымын

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Георгий Жуков араға 3 жыл салып, бас командаға қайта оралғаны туралы пікірін айтты.

«Мен де ұлттық құраманы қатты сағындым. Қатты қуаныштымын. Ұсынысты ұзақ күттім, соңына дейін мүмкіндік болатынына сендім. Жаттығуды тастамай, берілген жоқпын. Бір арманым орындалды. Сенім артып, мүмкіндік бергені үшін бапкерлер штабына үлкен алғыс айтамын.

Соңғы рет Молдовамен шешуші ойын өткені есімде. Сол ойында жеңіске жеттік, мен пенальтиден көзге түстім. Соның нәтижесінде Ұлттар лигасында қалдық. Әрі қарай қалай болғанын қарап жүрдім. Жақсы аралық болды. Қазақстан құрамасының тарихындағы ең үлкен жетістік деп санаймын. Өкінішке қарай, Словениямен ойында сәл жолымыз болмады. Осы жол арқылы әрі қарай команданы қайта құруға болады деп үміттенемін. Болашақта үлкен турнирге шығу үшін күресе аламыз.

Ұлттық құрамадағы ойыншылардың көбісін білемін. Көптеген ойыншылар жаңадан келді. Сырттай танитынмын, бүгін жеке таныстым. Жас ұрпақ. Мен де жас емеспін. Тәжірибесі бар футболшылар үлгі болу керек деп санаймын. Жас ұрпаққа көмектесу үшін жауапкершілік алу керек.

Уэльс – өте жақсы команда. Ең жоғары мүмкіндігімізді көрсету керек. Лихтенштейнмен де оңай ойын болмайды. Тартыс болады және оған физикалық әрі психологиялық дайын болуымыз қажет. Әрине, ұпай жинаймыз деп үміттенемін және оны іске асыру үшін бар күшімізді саламыз», – деді Жуков.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или