Магомед Әдиев жаңа қызметіне байланысты пікір білдірді

Қазақстан құрамасының және «Ахматтың» бұрынғы бас бапкері Магомед Әдиев өз мансабын жалғастыру үшін бірнеше ұсынысты қарастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның айтуынша, оған Ресей Премьер-лигасының клубтары мен жақын шетелден қызығушылық бар.
«Әзірге тек әңгімелер ғана бар. Ұсыныстар? Нақты ештеңе жоқ, бірақ қызығушылық танытып жатқандар бар, яғни РПЛ клубтары да, жақын шетелден де,» – деді Әдиев «Матч ТВ»-ға берген сұқбатында.
Әдиев Қазақстан құрамасын 2022-2024 жылдар аралығында басқарды. Бұл кезеңде команда тарихи жетістіктерге қол жеткізді: 2022 жылғы Ұлттар лигасында өз тобында жеңіске жетіп, мықтырақ дивизионға көтерілді. Сондай-ақ, 2024 жылғы Еуропа чемпионатының негізгі кезеңіне шығу мүмкіндігін соңғы турға дейін сақтап қалды.