Ақтөбелік балуан жақында жақсы жаңалықпен бөліспек

Ақтөбелік балуан жақында жақсы жаңалықпен бөліспек

Дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рустам Ибраев жаңа қызметке кіріскен соң желідегі оқырмандарына жағымды жаңалығы барын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz 

Ұзақ жылдар бойы ұлттық құрама сапында 60 келіде белдесіп, 10 жыл бұрын ӘЧ-ның финалына шыққан балуан кейін бапкерлікке бет бұрған еді. Жақында ол Ақтөбе облысындағы жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры болып тағайындалған.

Жаңа қызметке кіріскен соң балуан желіде жазба жариялап, «Бізден жақсы жаңалық күтіңіздер» деп жазба қалдырды.

Белгілі спортшының жаңа қызметке туризм және спорт министрінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында ротациялық негізде тағайындалғаны айтылған.

Ақтөбелік балуан 2015 жылы әлем чемпионатының финалында болашақ Олимпиада чемпионы Елдос Сметовпен күрескен. Кездесу қорытындысы бойынша ол екі рет ескерту алып, күміс жүлдеге ие болды.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или