Лука Модрич «Реал Мадридте» қалғысы келеді

Лука Модрич «Реалда» қалғысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Хорватия ұлттық құрамасы мен мадридтік клубтың жартылай қорғаушысы Лука Модрич клубта қалғысы келеді.
Бұл туралы белгілі инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.
Ақпарат көзіне сенсек, 39 жастағы жартылай қорғаушы клубта тағы бір маусым ойнауды көздеп отыр екен.
Модрич Мадридтің клубында 2012 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ойыншы сол жылы лондондық «Тоттенхэм» клубынан ауысып келген болатын.
Осы уақытқа дейін мадридтік клуб сапында 579 матч өткізіп, 28 трофей жеңіп алған. Сондай-ақ 43 гол соғып, 93 голдық пас берген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или