«Жетісу» волейбол клубы Азия чемпиондар лигасында өнер көрсетеді

Талдықорғанның «Жетісу» волейбол клубы 18-28 сәуірде Филиппинде болатын Азия чемпиондар лигасында ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Аталған додада Азияның 12 үздік командасы бақ сынайды.
Талдықорғандықтар «А» тобында «Creamline cool smashers» (Филиппин), «Әл Насер» (Иордания) командаларымен ойнайды.
Сербиялық маман Марко Гршич жаттықтыратын «Жетісу» клубы биыл ұлттық лига командалары арасында үздік шығып, Қазақстанның тоғыз дүркін чемпионы атанған болатын.
Біріншілік қорытындысында команда капитаны Карина Денисова үздік ойыншы атанса, Мәдина Бекет үздік либеро, Дарья Шаргородская үздік байланыстырушы болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или