Максим Самородов Қазақстан құрамасының наурыздағы мақсатын айтты

Максим Самородов Қазақстан құрамасының наурыздағы мақсатын айтты

Грозныйдың «Ахмат» командасында өнер көрсететін қазақстандық шабуылшы Максим Самородов футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде наурыз айындағы матчтарға қатысты өз ойын бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Алты ұпай алғымыз келеді, бірақ басты мақсат – төрт ұпай жинау. Сол бағытта жұмыс істейміз», – деді Самородов «Матч ТВ» телеарнасына берген сұхбатында.

23 наурызға қараған түні Қазақстан құрамасы «Кардифф Сити» стадионында Уэльспен кездеседі. Ойын Астана уақытымен 00:45-те басталады. Үш күннен кейін қазақстандықтар Лихтенштейн құрамасымен ойнайды. Бұл кездесу Вадуц қаласындағы «Райнпарк» стадионында өтеді және 00:45-те басталады. 


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или