Рыбакина Майамидегі турнирде Путинцевамен кездесуі мүмкін

Рыбакина Майамидегі турнирде Путинцевамен кездесуі мүмкін

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның (WTA рейтингісінде 8-орын) Майами (АҚШ) турниріндегі мүмкін болатын қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакина алғашқы қарсыластарын жеңген жағдайда 1/8 финалда қазақстандық Юлия Путинцевамен жолығуы мүмкін.

Рыбакинаның жолы:

  • Бірінші айналым: турнирді екінші айналымнан бастайды.
  • Екінші айналым: Рената Сарасуа / Эшлин Крюгер.
  • Үшінші айналым: Лейла Фернандес / Варвара Грачева / Алисия Паркс.
  • 1/8 финал: Чжэн Циньвэнь / Юлия Путинцева.
  • Ширек финал: Арина Соболенко / Магдалена Френх / Донна Векич / Даниэль Коллинз.
  • Жартылай финал: Кори Гауфф / Дарья Касаткина / Беатрис Аддад Майя / Жасмин Паолини.
  • Финал: Эмма Наварро / Джессика Пегула / Мэдисон Киз / Ига Швентек.

Айта кетейік, WTA жаңартылған рейтингінде Елена Рыбакина бір саты төмендеп, жетінші орыннан сегізінші орынға түсті. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или