Былтыр ҚПЛ-да ойнаған қақпашы медиафутболға ауысты

Беларусьтік қақпашы Владислав Василючек қазақстандық «SD Family» медиафутбол клубына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы «BF | Media» Telegram-арнасы мәлімдеді.
Футболшының соңғы клубы Түркістанның «Тұран» командасы болды. Василючек өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасында 10 матч өткізіп, екі ойында қақпасын құрғақ ұстап, 17 гол жіберіп алған.
Беларусьте Владислав Василючек Гродноның «Неман» және «Ислочь» командаларында ойнаған. Қақпашының есебінде Беларусьтің бірінші лигасында 18 матч, жоғары лигасында 81 кездесу және 20 «құрғақ» ойын бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или