Лионель Месси Аргентина құрамасына шақырту алмады. Себебі белгілі

Лионель Месси Аргентина құрамасына шақырту алмады. Себебі белгілі

Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Уругвай мен Бразилияға қарсы ойнамайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

БАҚ мәліметінше, Аргентина құрамасының тізіміне Мессидің кірмей қалуына себеп – оның жамбас бұлшық етіндегі жарақаты.

Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатының Оңтүстік Америкадағы іріктеу кезеңінде Аргентина құрамасы сапында тоғыз матч өткізіп, алты гол соғып, үш нәтижелі пас берген.

Қазіргі уақытта Аргентина құрамасы 12 матчта 25 ұпай жинап, іріктеу кезеңінде көш бастап тұр. Ал екінші орында 20 ұпаймен Уругвай құрамасы орналасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или