«Барыс» ҚХЛ-дағы матчында жеңіліп қалды

«Барыс» ҚХЛ-дағы матчында жеңіліп қалды

Новосибирскіде Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионаты аясында жергілікті «Сибирь» мен елордалық «Барыс» арасында матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айдын иелері 3:2 есебімен жеңіп, ҚХЛ плэй-офф кезеңіне жолдама алды. Ресейлік команда сапында Энди Андреофф, Павел Гоголев пен Никита Коротков көзге түсті. Елордалықтардан Дінмұхамед Қайыржан мен Бейбарыс Оразов шайба салды.

«Барыс» 66 матчтан кейін 35 ұпай жинап, Шығыс конференциясында соңғы орында тұр.

«Сибирь» (Новосибирск, Ресей) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 3:2 (3:1, 0:1, 0:0)

Шайбалар:

0:1 — 05:57 Қайыржан (Старченко, Бекетаев)

1:1 — 14:57 Андреофф (Широков, Бек)

2:1 — 15:52 Гоголев (Белоусов, Аланов)

3:1 — 17:20 Коротков

3:2 — 38:05 Оразов (Сетдиков, Николишин)

Қақпашылар: Костин — Шестаков

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или