«Барселонаның» екі ойыншысы жарақат алып қалды

«Барселонаның» екі ойыншысы жарақат алып қалды

«Барселонаның» екі ойыншысы Иньиго Мартинес пен Марк Касадо жарақат алып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Негізгі құрам ойыншысы Иньиго Мартинес тізесін жарақаттап алуына байланысты Испания құрамасының алдағы ойындарына қатыспайды.

Жарақатқа байланысты 33 жастағы қорғаушы 2-3 аптаға қатардан шықты.

Ал Марк Касадо «Атлетикоға» қарсы ойында (4:2) тізе байламын зақымдап алыпты. 21 жастағы хавбек үшін маусым аяқталды десе де болады.

Айта кетейік, каталониялық клуб жақында ғана Иньиго Мартинеспен 2026 жылдың жазына дейін жарамды жаңа келісімшартқа қол қойған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или