Азия чемпионаты: Қазақстандық жеңіл атлеттер екі медаль жеңіп алды

Қазақстандық жеңіл атлеттер спорттық жүруден Азия чемпионатында бір күміс, бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Номиде (Жапония) спорттық жүруден Азия чемпионаты өтті.
Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасы оны екі медальмен аяқтады.
Екі марапат та 20 шақырым қашықтықта жеңіп алынды. Ер адамдардан тұғырдың екінші сатысына Георгий Шейко көтерілді. Ол 01:23:07 көрсетті.
Әйелдер арасындағы жарыста Ясмина Тоқсанбаева 01:33:11 нәтижесімен үшінші болды.
Дереккөз: olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или