Фристайл-могулдан әлем чемпионатында Қазақстан намысын жеті спортшы қорғайды

Фристайл-могулдан әлем чемпионатында Қазақстан намысын жеті спортшы қорғайды

Энгадиндегі (Швейцария) әлем чемпионатына қатысатын құрамды жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Биылғы маусымның ең ірі жарысында еліміздің намысын жеті спортшы қорғайды: Юлия Галышева, Анастасия Городко, Юлия Феклистова, Павел Колмаков, Антон Бондарев, Федор Бугаков, Максим Емельянов.

Іріктеу кезеңі 18 наурызда өтеді. Негізгі жарыстар 19 наурызда басталады. Параллель могулдағы жүлделер 21 наурызда сарапқа салынады.

Дереккөз: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или