Түркия чемпионатында өзбекстандық футболшының мұрны сынды

Түркия чемпионатында өзбекстандық футболшының мұрны сынды

«Ризеспор» Түркия Суперлигасының 28-ші турында «Бодрумспордан» 0:2 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч «Ризеспордың» өзбекстандық қорғаушысы  үшін сәтсіз аяқталды. 22-минутта өз қақпасына гол соғып алған Хусниддин Алиқұлов 44-минутта қарсыласымен төбелесіп, ауыр жарақат алды.

Әліқұлов Режеп Тайып Ердоған университетінің оқу және зерттеу ауруханасында алдын ала тексеруден өтті. Нәтижесінде оның мұрыны мен бет сүйегі сынған деген диагноз қойылып, емдеу басталды.

«Әліқұловқа зор денсаулық тілейміз және ол жақын арада біздің қатарымызға оралады деп сенеміз», - делінген түрік клубының мәлімдемесінде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или