Ла Лига: «Барселона» сырт алаңда «Атлетиконы» ұтты

Испания Ла Лигасының 28-ші турында «Атлетико Мадрид» пен «Барселона» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz
Ойын Мадридтегі «Сивитас Метрополитано» стадионында өтті. «Барселона» 4:2 есебімен жеңіске жетті.
Матч есебін 45-минутта «Атлетико» шабуылшысы Хулиан Альварес ашты. 70-минутта Александр Сорлот алаң иелерінің есепті еселей түсті.
72-минутта Роберт Левандовски «Барсаның» алғашқы голын соғып, есеп айырмасын қысқартты. 78-минутта Ферран Торрес таразы басын теңестірді. 90+2-минутта Ламин Ямаль қонақтарды алға шығарды. 90+8-минутта Торрес дубль жасап, 2:4 таблода есебін тіркеді.
28 ойыннан кейін «Атлетико Мадрид» 56 ұпаймен Ла Лига кестесінде үшінші орында тұр. «Барселона» 27 ойыннан кейін 60 ұпаймен бірінші орында. Екінші орындағы «Реал Мадридте» те 60 ұпай болғанымен, доп айырмасының басымдығына байланысты католондықтар көш басында. Оның үстіне, Ханси Флик шәкірттері бір матч кем өткізген.