Златан Ибрагимович бокста дебют жасауы мүмкін

Златан Ибрагимович бокста дебют жасауы мүмкін


Атақты швед футболшысы Златан Ибрагимович Misfits Boxing аясында сенсациялық жекпе-жек өткізуге жақын. Промоутерлер тіпті «Премьер-лига» жұлдыздарынан тұратын үлкен кард ұйымдастыра алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

YouTube жұлдызынан боксқа ауысқан KSI (шын есімі – Оладжиде Олайинка Уильямс «JJ» Олатунджи) өз менеджері Мамс Тейлормен бірге Misfits Boxing кроссоверлік жекпе-жек платформасын құрған болатын.


Бұрынғы АПЛ чемпионы Дэнни Симпсон («Манчестер Юнайтед» және басқа да клубтардың экс-ойыншысы) 2023 жылы 22 жастағы ютубер Дэнни Ааронспен рингке шығып, тең түскен алғашқы футболшы атанған.



Қазір Фил Бардсли (39 жас) Misfits Boxing-пен келіссөздер жүргізуде, ал Англия құрамасының экс-ойыншысы Уэйн Бридж тіпті KSI-мен жекпе-жекке шығуға шақ қалған.


«Златан Ибрагимович – менің арманым. Оны рингке шығаруға бар күшімді саламын. Қазір маған жекпе-жекке шыққысы келетін футболшылар өте көп, аттарын айтпай-ақ қояйын. Осы кезеңде мен АПЛ жұлдыздарынан тұратын толық кард ұйымдастыра аламын. Бұл қызықты болар еді. Көптеген халықаралық деңгейдегі футболшылар бар, бірақ менің көзім әлі де Златанда. Оны рингке шығару – басты мақсатым», - дейді промоутер және KSI-дің менеджер Мамс Тейлор.

43 жастағы Ибрагимович қара белбеу иегері ретінде тхэквондоға да қызығушылық танытқан. Ал Мамс Тейлор – Златанның агентінің жақын досы. Қазір ол футбол аңызының бокста дебют жасауына ықпал етуге тырысуда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или