Шетелдік спорт сарапшысы Дияр Нұрғожайдың UFC-дегі дебютіне баға берді

Eurosport Nederland журналының журналисі және Tapology.com редакторы, ММА саласындағы белгілі инсайдер Марсель Дорфф Prosports.kz сайтына Дияр Нұрғожайдың UFC-дегі дебюті туралы пікір білдірді.
«Нұрғожай өте сенімсіз көрінді. Ол бірінші раундта нокдаунға түсті – мен екінші раундта жақсарады деп ойладым. Жақсы тейкдаун жасады… бірақ Рибейроға кимура жасауға мүмкіндік берді. Мұндай болады деп күтпедім», – деді сарапшы.
16 наурыз күні таңертең Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night турнирінде Дияр Нұрғожай (10-1) промоушн аясындағы алғашқы жекпе-жегін өткізіп, Брендсон Рибейроға (17-7) екінші раундта сабмишнмен жеңілді. Бірінші раундта қазақстандық файтер нокдаунға түсті.
Бұл жеңіліс Нұрғожайдың кәсіби мансабындағы алғашқысы болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или