Қазақстан құрамасының қорғаушысы ауыр жарақатынан кейін мансабын аяқтады

«Ертіс» қорғаушысы Гафуржан Сүйімбаев 34 жасында мансабын аяқтады.
«Тотальный футбол KZ» Telegram-арнасының мәліметінше, ойыншы алдыңғы крест тәрізді байламдарының үзілуіне байланысты кәсіби деңгейде футбол ойнауды жалғастыра алмайды.
Қаңтар айында Сүйімбаев Бірінші лигада өнер көрсететін павлодарлық клубпен маусым соңына дейін келісімшартқа отырған еді.
Ол сондай-ақ «Ордабасы», «Қайрат» және «Ақсу» сапында ойнаған. Қазақстан құрамасы жейдесінде 42 матч өткізіп, 4 гол соққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или