«Атлетико» – «Барселона». Статистика, болжам

Наурыздың 16-ынан 17-іне қараған түні Испанияда чемпиондықтан екі үміткер командалар «Атлетико» мен «Барселона» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
«Атлетико»
Диего Симеоне шәкірттерінің соңғы кездері жолы болмай жүр. Алдымен, Чемпиондар лигасының бірінші матчында қонақта мадридтік «Реалдан» 1:2 есебімен ұтылды. Кейін ішкі біріншілікте дәл сондай есеппен «Хетафеге» жол берді. Ал, апта ортасында сол «Реалмен» матчта Чемпиондар лигасынан ұшып кетті. Қазір «Атлетико» 56 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орынған жайғасқан.
«Барселона»
Біраз уақыт көш басында жүрген католондықтар кеше кестеде екінші орынға сырғыды. «Реал Мадрид» 28-турда сырт алаңда «Вильярреал» командасын ұтып, 60 ұпаймен бірінші орынға шықты. Дегенмен, қоржынында 57 ұпайы бар «Барса» мадридтіктермен салыстырғанда екі матч кем өткізген. Ханси Флик шәкірттері «Бенфикаға» мүмкіндік қалдырмай, Чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алды. Чемпионатта соңғы бес ойынның бәрінде жеңіске жеткен.
Командалар осы маусымда екі рет кездесіп үлгерді. Бірінші айналымда сырт алаңда 2:1 есебімен «Атлетико» ұтып кетті. Ақпан айының соңында Испан кубогының жартылай финалының бірінші матчындағы есеп 4:4 аяқталды.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы алдағы матчқа келесі коэффициенттерді ұсынады: 3,04 – «Атлетиконың» жеңісі, 3,62 – тең ойын, 2,26 – «Барселонаның» жеңісі.
«Атлетико Мадрид» - «Барселона» матчының тікелей трансляциясы наурыздың 16-нан 17-не қараған түні Қазақстан уақыты бойынша сағат 01:00-де басталады.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.